Түлкібаста жоғалып кеткен екі бала аман табылды

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында кітап өткізуге мектепке кеткен сыныптас екі бала қайтып оралмаған. Оларды өздігінен іздеп таппаған ата-аналары полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп оқушыларын іздеген Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері 8-сынып оқушыларының мектепке барып, жарты сағаттан соң кетіп қалғанын анықтаған. Кейіннен екеуінің мектептен шыққан соң, «Алматы-Термез-Ташкент» тас жолының бойында Шымкент қаласы бағытына қарай автокөлік тоқтатып тұрғандары белгілі болған.

«Олар жайында Түркістан облысы Полиция департаменті мен Шымкент қалалық Полиция департаментіне бағыттамалар жолданды. Балаларды іздеу мақсатында тәртіп сақшыларынан арнайы топ құрылып іздестіру шаралары жасалды. Оған қоса, қаладағы туыстарына хабар беріліп, олар да іздеу жұмысына атсалысты. Полицейлердің шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде, яғни Түлкібас АПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Н.Өміралиев және ЖПҚ аға УПИ полиция майоры Н.Сатпаевтың қырағылығының арқасында Шымкент қаласынан кәмелет жасына толмаған балалар табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды» делінген хабарламада.

Жауап алу кезінде балалардың ұялы телефондарын сатып, қыдырып жүргені белгілі болды. Өз кезегінде балаларымен аман-есен қауышқан ата-аналары полицейлердің жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

null

Соңғы жаңалықтар