Түлкібаста жаңа спорт кешені ашылады

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Састөбе кентінде «Спорт күні» мерекесіне орай жаңа спорт кешені халық игілігіне беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Састөбелік жастар жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі тамыз айының үшінші аптасы, яғни спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 454 миллион теңгеге салынған спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады. Сондай-ақ, киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлме және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелер бар.

Бүгінгі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде, 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 29,6 пайызға жетті. Жыл соңына дейін аудан жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы аудандағы тұрақты спортпен шұғылданушылар саның 30 пайыздан асыру жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар