Түлкібаста шайхана иесі сирек кездесетін жыртқыш құстарды заңсыз асыраған

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері шайхана иесінен жыртқыш құстарды тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне табиғатты қорғау полициясының инспекторы, полиция майоры Н. Мұздыбаевтан Азаттық кентіндегі шайханадан сирек кездесетін жыртқыш құстарға ұқсас бірнеше құс табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген Түлкібас аудандық полиция қызметкерлері шәйхананың иесі 6 құсты ғимараттың ауласында заңсыз торда ұстағанын анықтады. Айғақ ретінде алынған 6 құс сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде бұл құстар кезқұйрық және жағалтай екендігі анықталды.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК 389-бабы бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары шешім шығару үшін сотқа жолданады.


Соңғы жаңалықтар