+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Түлкібаста саңырауқұлақ тереміз деп тауға кеткен үш жігіт адасып қалды

2020 жылғы 8 сәуір 12:00
Бөлісіңіз:
Түлкібаста саңырауқұлақ тереміз деп тауға кеткен үш жігіт адасып қалды

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы полицейлері тауға шығып, адасып қалған үш жас жігітті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

7 сәуір кешкі 20:30-дар шамасында Түлкібас полициясына жергілікті тұрғын хабарласады. Жас жігіт 2 көршісімен бірге тауға саңырауқұлақ теруге шыққанын, содан ауа райы күрт бұзылып, тұман түсіп, күн бұлттанған соң достарынан адасып, бір орнында қозғала алмай қалғанын айтып, полицейлерден көмек сұрайды.

Аталған хабарлама бойынша аудандық полицейлер тез арада әрекет етіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында жас жігіттер түскі сағат 13:00 шамасында үйінен шығып кеткені анықталды. Адасқан жігіттер баруы мүмкін деген жерлер мен олар бағыт алған аймаққа қарай тәртіп сақшылары бөлініп, іздестірді.

Нәтижесінде 2 сағат ішінде полицейлер үш жігітті де ауылдан 20-30 шақырым қашықтықта орналасқан көрші елдімекеннен тауып, аман-есен ата-анасына табыстады.

Өз кезегінде ата-аналар ұлдарының дін аман табылуына ықпал еткен полицейлерге ризашылығын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT