Түлкібаста салынып жатқан 6 тұрғын үйдің 3-еуі аяқталуға жақын

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде жаңадан бой көтеріп жатқан алты тұрғын үйдің 3-еуі аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан орталығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама аясында соғылып жатқан 24, 32 және 64 пәтерлік 6 үйде құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Құрылысшылар жақын күндері 64 пәтерлік үш тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Састөбе кентіндегі 64 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан толық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сатып алу конкурсы да жарияланды. Мердігер мекеме анықталған жағдайда құрылыс жұмыстары биылдан қалмай іске асады. Бүгін аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков жаңадан салынып жатқан баспаналардың құрылыс барысымен танысып, сапасын тексерді.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында аудан бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 158 жанұяға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын. Бүгінгі таңда тұрғын үй алуға өтініш берген азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жүйелі түрде баспаналар салына бастады.
- Қарқаралыда дәрігерлер пәтер алды
- Түркістан облысында облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды
- Түркістан облысындағы «Ұланбел-Созақ-Екпінді» жолы жабық
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
-
Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
-
Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам