Түлкібаста «Өңір және тұлғалар» атты тарихи деректі конференция өтті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Өңір және тұлғалар» атты тарихи деректі конференция өтті. Халқымыздан шыққан асыл азаматтардың кейінгі ұрпаққа қалдырған еңбектерін насихаттау мен тарихи тұлғалардың бейнесін кеңінен ашу мақсатында ұйымдастырылған жиынға елімізге танымал қайраткерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияның ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков сөз сөйлеп, көпшілікті аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Тағылымды жиын барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай мен жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Бауыржан Момышұлының келіні, отбасылық құндылықтарды насихаттаушы Зейнеп Ахметова мен республикалық Д.Қонаев қорының төрағасы Асанбай Алсейітов, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтарының иегері жазушы Дохтырхан Тұрлыбек пен филолог, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Дихан Қамзабекұлы байыпты баяндама жасады. Түлкібас өңірінің тумалары, қазақ елінің мақтанышы Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза сынды ұлы тұлғалар туралы түйінді ойларын айтты.

Конференция соңында Ш.Мұртаза атындағы «Уақып» қорының президенті, саяси ғылымдарының докторы Қайрат Айтбай ел үшін туған ерлерді жан-жақты зерттеп жүрген азаматтарға және туған туыстарына Ш.Мұртаза қорының атынан сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ, биылғы жылы Түлкібас ауданындағы барлық білім ошақтарында қазақ елінің мақтаныштары туралы шығармашылық конкурстар ұйымдастыру үшін 1 млн теңге тағайындалғанын жеткізді.

Конференция барысында қонақтар Түлкібас өңірінен шыққан тұлғалар жайында халықтық көрмені тамашалады.

Соңғы жаңалықтар