Түлкібаста мемлекеттік қызметтерді жетілдіру мәселелері талқыланды

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жетілдіру тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов, Мемлекеттік қызметті басқару және бақылау басқармаларының басшылары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ, кент әкімдері, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Семинардың күн тәртібінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының талаптарын жүзеге асыру, Жолдаут аясында департаменттің негізгі функциясы, келелі мәселелері, Түлкібас ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған жұмыстары және мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері қаралды.

Жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарына тоқталып, жолдаудағы талаптарды іске асыру бойынша атқарылуы тиіс міндеттерді атап өтті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Түлкібас ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қуатбек Еркебаев аудан әкімі аппаратындағы бөлім, ауылдық округтер мен кенттер әкімдік аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын ұстану бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары жайында баяндама жасап, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Семинар мемлекеттік қызметті басқару және бақылау басқармалары басшылары ұйымдастырған пленарлық кеңеске ұласты.

Соңғы жаңалықтар