Түлкібаста күрделі жөндеуден өткен мектеп қайта пайдалануға берілді

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында күрделі жөндеуден өткен мектеп жаңа оқу жылында қайта пайдалануға берілді. А. Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейіндегі жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, тамызда аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыркүйек айынан бастап аталған мектептің оқушылары заман талабына сай қайта жасақталған білім ұясында сабақ оқып жүр. Жөндеу жұмыстары барысында ішкі электр желілері толығымен жаңартылып, есіктері ауыстырылды. Мектептің іші-сырты боялып, 1050 шаршы метр линолеум төселді. Акт залының сахнасы ауыстырылып, спорт залы толығымен жаңартылды. Қосымша демеушілер есебінен асхана жөндеуден өтіп, 224 дана жалюз алынды. Мектеп ауласына жаңа асфальт төселіп, аяқ жолдар мен жиектас ауысты.

Жалпы құрылыспен «Спецтех-1 ЖШС» айналысып, мамандар құрлыс жұмыстарының жоғары деңгейде жасалғанын айтып отыр.

Күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, мектепке жаңадан салынып жатқан қосымша ғимараттың да құрылысы қарқынды жүруде.

Білім саласындағы мұндай бетбұрысқа тұрғындар дән риза. Жаңа ғимаратта білім нәрімен сусындаған шәкірттердің де қуанышында шек жоқ. Күрделі жөндеуден өткен бұл мектеп болашақта оқушылардың сапалы білім алуына негіз болатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар