Түлкібаста қайырымды жандар ауруханаға 10 оттегі концентраторын алып берді

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас аудандық орталық ауруханасына қайырымды жандар 10 оттегі концентраторын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Туған жерге тағзым - әр перзенттің парызы» дегендей, өзге аймақта тұрып жатса да, туған жерін ұмытпай, қиын сәтте қамқорлық жасап жатқан азаматтар қатары Түлкібас ауданында күн санап артып келеді.

Бүгін елін сүйген азаматтар пневмониямен күресте аса қажет оттегі концентраторының 10 данасын аудандық ауруханаға табыстады.

Айта кетсек, Түлкібас ауданының тумасы, «Жігіттер» квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов оттегі концентраторының 5 данасын және «Nur Max» құрылыс компаниясының директоры Лесалы Абзал есімді азамат 5 данасын тарту етті.

Аудан тумалары қандай қиын кезең болмасын, туған жеріне қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға дайын екенін жеткізіп, ақ халатты абзал жандардың жұмысына сәттілік тіледі.


Соңғы жаңалықтар