Түлкібаста дәстүрлі «Салбурын-мереке ғой саятшыға» атты іс-шара биыл жаңа форматта өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында дәстүрлі «Салбурын-мереке ғой саятшыға» атты іс-шара биыл жаңа форматта өтті.

Ата-баба дәстүрін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған саятшылар мерекесі бұл жолы әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойымен ұштастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі шара биылғы жылы көркем сөз шеберлерінің байқауы ретінде ұйымдастырылды.

Онда алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында ұлттық салт-дәстүрді бұқара халық арасында насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Мереке кезінде көрермендерге саятшылық дәстүрі мен ұлы тұлғалардың өмір жолына қатысты көрме ұйымдастырылып, облыс және аудан өнерпаздары тарапынан ән-шашулар тарту етілді.

Байқау жеңімпаздарына аудан әкімінің алғыс хаты мен сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, соңғы екі жылдан бері өңірдің әрбір аудан- қалаларының табиғи ерекшеліктеріне сай түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Түлкібас жерінде өткен шаралар аудан тұрғындарының рухани кемелденуіне ерекше серпін берді.


Соңғы жаңалықтар