+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түлкібаста бақташы өзіне сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген

2020 жылғы 1 шілде 04:20
Бөлісіңіз:
Түлкібаста бақташы өзіне сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында бақташы өзіне сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген. Малдың иесі біршама уақыттан кейін қойларын түгендеуге барғанда 10 бас саулығының жоқ екенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда бір күнде екі кісі өлтіру дерегі тіркелді Наурыздан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 қазақстандық көз жұмды Карантинде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қойларын жоғалтқан жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Ол өз арызында ауданның ауылдарының біріндегі шаруа қожалыққа 15 бас саулық қойын апарып, бағуға сеніп қосқанын жеткізген. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шыққан. Үш тәуліктен соң бұл қылмысқа жәбірленуші малын сеніп тапсырған бақташының қатысы бар екені анықталған. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындаған.

«Тергеу барысында бақташы қойларды түрлі бағаға бағалап, Түлкібас ауданында сатып жібергені белгілі болды. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары сатылған малдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарған. Қазіргі таңда бақташы Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта» делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT