Түлкібаста ауыл клубтарын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өтті

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылдық клубтардың жұмысын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өтті. Облыстық мәдениет басқармасы мен мәдениет және халық шығармашылығы орталығы және Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырған басқосуда клуб мекемелеріне әдістемелік көмек беру ісін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Семинар-кеңеске Түркістан облысы аумағындағы қалалық, аудандық, мәдениет қызметкерлері қатысып, ауыл клубындағы проблемаларды атап өтті. Аталған шарада облыс көлеміндегі халық шығармашылығын дамытуда инновациялық жобалар жасау мен өзара тәжірибе алмасу жайы сөз болды. Мәдени тынығу, бұқаралық іс-шараларды өткізу, мәдениет мекемелерінің қоғамдағы рөлі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұсыныс-пікірлер айтылды.
Шара барысында келген қонақтарға Түлкібас ауданы аумағында орналасқан киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерт қойды.
Семинарға қатысушылар сондай-ақ, ауданындағы мәдениет саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоғын қойып, құрмет көрсетті.
- Сәкен, Ілияс, Бейімбет: Алматыда қазақтың үш бәйтерегі туралы көрме өтеді
- 9000-ға жуық сөзді қамтыған «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі» жарыққа шықты
- Елорда көшелерінің біріне Әбіш Кекілбайұлының есімі берілді
- Түркістан облысында жол апатына ұшырап, каналға құлаған тұрғынды полицейлер құтқарды
-
Бейжіңде Құрманғазы атындағы оркестр концерт берді
-
Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам