Түлкібаста 20 көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Бүгін Түлкібас ауданында 20 көпбалалы отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Көпбалалы отбасыларды тұрғын-үймен қамту» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын-үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар жаңа жылда қоныс тойын тойлағалы отыр. Аталмыш бағдарлама бойынша аталған отбасылар жалпы құны 8 млн 400 мың теңгені құрайтын, аумағы 60-100 шаршы метр аралығындағы дайын үймен қамтамасыз етілді.

Үй кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен арнайы қатысып, отбасыларды жаңа баспаналарымен құттықтады.


Соңғы жаңалықтар