Түлкібаста 100-ден аса жас кәсіпкерлікті меңгеріп шықты

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында 107 жас кәсіпкерлік курсын аяқтады. Осыған орай аудан орталығында «Жас кәсіпкер» курсын аяқтаған жастарға сертификат тапсыру шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев ел болашағының баянды да тұғырлы болуы - сол елдің жастарының қолында екенін атап өтті. Жастардың білімді де білікті болуына жағдай жасау әр уақытта да назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Өзінің жеке кәсібін ашуға үлкен қадам жасағалы тұрған аудан жастарына сәттілік тілеп, оқу сертификатын тапсырды.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы Жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялаған болатын. Тұңғыш Президентіміз жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады», - деді аудан әкімінің орынбасары.

Шара барысында жас кәсіпкерлердің өз қолымен дайындаған бұйымдары мен тағамдарының көрмесі ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тарапынан дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетейік, «Жас кәсіпкер» оқу курстарын аяқтаған жастар жеке кәсібін ашуға мемлекет тарапынан берілетін 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа үміткер атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар