Түлкібасқа жыл басынан бері 13 мыңнан астам турист келген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданына ағымдағы жылдың 10 айында 13 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде 700 адам - шетел азаматтары.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрбол Тұрашбековтың сөзінше, таулы аудан  этнотуризмді дамытуға қолайлы аймақ саналады. Алдағы уақытта мұнда келушілердің саны арта түседі деп жоспарлануда. Аудан әкімі сондай-ақ Түлкібастың экономикалық жағдайына да тоқталды. Бүгінде  экономикалық белсенді халық саны - 57,2 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандар қатары 54,2 мың адамға жеткен.

«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды  даярлау бойынша  бес оқу орнымен келісім-шарт түзіліп, 195 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды. Ал, жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Бастау-бизнес» жобасы негізінде 166 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 157 адам сертификат алды. 52 азаматқа 207,8 млн теңге несие берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 142 азамат жіберілді», - деді Нұрбол Тұрашбеков.
null 

Сонымен қатар, аудандағы 44 балабақшада 6560 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Балаларды қамту көрсеткіші жыл қорытындысымен 97,8 пайызды  құраған. Инфрақұрылым бойынша аудандағы 62 елдімекеннің 59-ы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Көгілдір отынмен қамтуда аудандағы 62 елді мекеннің 60-ы газбен қамтылған. Аудандағы 5 елдімекеннің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 149,8  млн теңге бөлініп, оның 145,5 млн теңгесі игерілді.

 

Соңғы жаңалықтар