Түлкібас пен Жетісай аудандарындағы қоғамдық орындарда бетперде тегін таратылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы шалғай аудандарда қауіпті дерттің алдын алу шаралары жүргізілуде. Өңірдің Түлкібас пен Жетісай аудандарында жекелеген кәсіпкерлер осы шараларға атсалысып, қоғамдық орындарда бетперде тегін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас ауданындағы жеке балабақшасының меңгерушісі Жансая Мырзалиева төтенше жағдай кезінде қайырымдылық танытуға белсенділік танытты. Іскер келіншек қаржатына 2 мың дана бетперде тіккізді. Масканы еріктілер аудан орталығында халық көп шоғырланатын орталық базар мен мен азық-түлік сататын сауда орталықтарында таратты.

Ал, Жетісай ауданында Жастар ресурстық орталығы мен ауданның ерікті кәсіпкерлері және «JasOtan» жастар қанатының мүшелері де covid19 пандемиясының алдын алу шарасына үлесін қосты. Жастар қала тұрғындары мен такси жүргізушілеріне, қоғамдық жұмыста жүрген азаматтарға тегін бетперделер үлестіріп берді.

Сондай-ақ, аудандық Жастар ресурстық орталығы мен жергілікті кәсіпкерлер арасында жүргізілген келіссөздің нәтижесінде бүгінде тігін цехтарда бетперде тігу ісі кеңінен қолға алынып отыр. Іскер азаматтар арасынан да еріктілер тобы құрылып, өз қаржылары есебінен тігілген қорғаныс бетперделері алдағы уақытта а тұрақты түрде тегін таратылатын болды.


Соңғы жаңалықтар