Түлкібас ауданының атауы өзгеруі мүмкін
2018 жылғы 28 қараша 08:26

Түлкібас ауданының атауы өзгеруі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 782 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының Түлкібас ауданын Түркібасы деп қайта атау туралы Жарлық жобасы Елбасы қарауына енгізілген.

Айта кетсек, тиісті Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT