Түлкібас ауданында «Жастар жалыны» атты студенттердің слеті өтті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында Жастар жылына орай «Жастар жалыны» атты студенттердің слеті өтті. «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырған басқосу студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын жетілдіру мен студенттердің қоғамдық белсенділікке деген құлшыныстарын арттыру мақсатында өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» мен «Түлкібас көпсалалы колледжінің» студенттері, ерікті жастар қатысты. Студенттер слетіне сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтпай Қасымбеков, «Jas Otan» Жастар қанаты Түлкібас аудандық бөлімінің басшылығы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Түлкібас аудандық штабының жетекшілігі мен белсенді студенттер қатысып, еркін пікір алмасты. Басқосу аясында студенттерге «Еріктілік – жаңа тренд», «Көшбасшылық дағдыларды дамыту», «Жастар және кәсіпкерлік» тақырыптары бойынша тренингтер өтілді. Қатысушылар топтарға бөлініп 2020 жыл «Еріктілер жылына» орай өз ұсыныстарын айтып, жобаларын қорғады. Өзара тәжірибе алмасып, жастар ұйымдарының әлеуетін көтеру бойынша пікір алмасты.

Айта кетейік, дәл осы жоба өткен жылы да өткізілді. Онда жастар ұйымдарының басшылары қатысып, слет қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде Түлкібас ауданы студенттерінің «Қарары» қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар