Түлкібас ауданында жаңа емхана салынатын болды

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында жаңа емхана салынатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 мыңнан астам халыққа қызмет көрсететін әрі жарты ғасыр бұрын қабырғасы қаланған емхана ғимаратының әбден тозығы жеткен.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапарында апатты деп танылған дәрігерлік амбулаторияда болды. Ғимарат құрылысы келер жылы басталады.

Жаңадан бой көтеретін дәрігерлік амбулатория заманауи үлгіде жасақталып, бір ауысымда 75 келушіні қабылдай алады.

Медицина ұйымдарының жай-күйімен танысқан аймақ басшысы аудандық орталық ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Ауруханаға қарасты 5 ғимаратта күрделі жөндеу жұмысы қолға алынған. Қазіргі таңда бұл жұмыстар жалғасуда.

Өмірзақ Естайұлы күрделі жөндеуден өткен ауруханадағы құрылыс сапасына оң бағасын беріп, жұмысты қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

Ал, орталық ауруханада 100 мыңға жуық халыққа амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек және консультативті-диагностикалық қызмет түрлері көрсетіледі.

Онда 1 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар