Түлкібас ауданында «Үміт керуені» атты өнер фестивалі өтті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат -Түркістан облысы, Түлкібас аудандық мәдениет үйінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мақсатында «Үміт керуені» атты өнер фестивалі өтті. Аталған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қазақ поэзиясының біртуар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік іс-шараға әлжуаз топтағы азаматтар мен аудан тұрғындары қатысты.

Тағдырдың сынағына тап болса да, жігері мұқалмаған жандар жұртшылықты өз өнерлерімен таң қалдырды. Фестиваль нәтижесінде «Үздік өлең оқу шебері» аталымында Бағжан Бекматов, «Үздік ән салу шебері» аталымында Әсел Амангелді, «Үздік қол өнер шебері» аталымы бойынша Балзира Керімқұлова жеңімпаз атанды. Ал,

«Өрлік» номинациясымен үздік деп танылғандар , демеушілер тарапынан қаржылай сыйлыққа ие болды. Жиын соңында түлкібастық Мейірхан Топанбайдың әзірбайжан тілінен аударылған «Ақиқаттан аттамайық бауырлар» атты кітабы аудан жұршылығына таныстырылып, жиынға келген қонақтарға тарту етілді.


Соңғы жаңалықтар