+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Түлкібас ауданында тұрмысы төмен 3800 отбасының балалары оқу жабдықтарымен қамтылған

2021 жылғы 14 қаңтар 03:38
Бөлісіңіз:
Түлкібас ауданында тұрмысы төмен 3800 отбасының балалары оқу жабдықтарымен қамтылған

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түлкібас ауданындағы 60 білім ошағында 23 256 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда 24 жалпы орта білім беретін мектепте 2 239 (9,6%) оқушы штаттық режимде оқытылуда. Ал, 1-4, 5, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналар өтініштері негізінде 849 кезекші топта 9 559 (41,1%) оқушы білім алуда. Ауданда үш аусымда оқытылатын мектеп жоқ, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО мектептерінде 60-қа жуық заңбұзушылық анықталды Қарағанды облысының мектептерінде асханалар ашылуда Нұр-Сұлтанда 0-4-сыныптарға сабақ қашықтан өткізіледі

Карантин режиміне байланысты қашықтан оқып жатқан мектеп оқушыларына ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан 354 планшет, 410 компьютер, 3033 ноутбук құрылғылары сатып алынып, уақытша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен 5 смартфон, 50 планшет құрылғысы тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларына қайтарымсыз сыйға берілген.

Жалпыға міндетті білім қорының есебінен 1638 кәмелетке толмаған аз қамтамасыз етілген отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, 2647 аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 25 000 теңгеден қаржылай көмек берілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT