Түлкібас ауданында «Тіл - татулық тірегі» атты фестиваль өтті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Тіл - татулық тірегі» атты фестиваль өтті. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай ұйымдастырылып, оған мектеп ұстаздары мен оқушылар, балабақша қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық мәдениет үйінде өткен шара барысында тілдің маңызын, бабадан қалған асыл мұра екенін, ұрпақтан-ұрпаққа өзгермей жететін құндылық саналатыны насихатталды. Тілдің адамзат өміріндегі баға жетпес байлық екенін жиналған көпшілікке түсіндірілді. Тіл жанашырлары өскелең ұрпақта ана тілін сүюге, оны қорламауға, өзгелерге таптатпауға шақырды.

Шара барысында «Майлыкент толқындары»фольклорлық ансамбльі,«Арша»триосы әннен шашу шашса,А.Пушкин атындағы ақпараттык технологиялар мектеп-лицейінің өнерпаз окушылары әдемі биімен сахнаны тербетті. Өнерлі мектеп оқушылары қазақ, орыс, өзбек, ағылшын, түрік тілдерінде қара өлең оқып, жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтады. И.Рыбалко атындағы мектебінің оқушыларынан құралған топ «Абай алемі»атты композициялық қойылым көрсетті. Сонымен катар, тіл майталмандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Демек, көпұлтты, тату халқы бар, кемел болашағы бар егеменді еліміздің ана тілі айбынданып, өзге тілдері өміршең келсін. Тіл қандай ұлтта, қандай елде болмасын қастерлі, қасиетті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып, қалыптасады. Сол қасиетті ұғымды қастерлеп, құрметтеу - әрбір азаматтың адамдық борышы. Ана тілін құрметтеп, өзге тілдердің бәрін білуге шақырамын», - деді аудандық тілдерді дамыту орталығының меңгерушісі Бақыт Дәулетов.

Соңғы жаңалықтар