Түлкібас ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен оларды электронды түрде алуды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында арнайы жәрмеңке өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауы аясында өткізілген шараны Қазақстан республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды.

Жәрмеңке барысында корпорация қызметкерлері келушілерге электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан онлайн тапсырыс беруді, сондай-ақ Телеграм жүйесінде EgovKzBot, Mgov бағыты бойынша қызмет алу жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты. Жәрмеңкеге қызыға қатысушылар саны 200-250 ге дейін жетті.

Сонымен қатар, оларға онлайн-қызмет алудың жолдары үйретіліп, өздеріне қажетті анықтамаларын, электронды үкімет порталы туралы көптеген сұрақтарына ұтымды жауап алды. Қызмет алудың оңай әрі жылдам түрі - @EgovKzBot Telegram-бот мессенджерін қолдану көрсетілді.

Айта кетейік, алдағы уақытта осы тұрғыдағы жәрмеңке аудандағы барлық ауылдық округтерде өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар