Түлкібас ауданында «Кеңейтілген ата-аналар кеңесінің» жиыны өтті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Кеңейтілген ата-аналар кеңесінің» жиыны өтті. Аудан орталығындағы мектеп-гимназияда ұйымдастырылған басқосуда өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Бейсе Белашарұлы мен облыстық білім саласының қызметкерлерінің кәсіподағы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Нышан Тасболатұлы мен Сайрам ауданы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, «Әкелер мектебі» жобасының авторы Амангелді Қабылбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Изтайұлы қатысты.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитетінің төрағалары, қамқоршылық кеңесінің және «Әкелер» мектебінің басшылары шақырылды. Кеңес барысында келген қонақтар балаларды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеудің жолдарын атап өтті. Осы тақырып жөніне өзара пікір алмасып, өз ойларын талқыға салды. Ұсыныс пікірлер тыңдалды. «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Демек, рухани жаңғырудың алғашқы қадамы ата-бабадан қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды өркениетті қоғамға сай жаңартып, жастардың бойына имандылық пен адамгершілікті дарытудан басталмақ»,- деді жиынға қатысушылар.

Соңғы жаңалықтар