Түлкібас ауданында «Халықтық кеңсе» ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Түркістан облысына қарасты  Түлкібас ауданында халыққа қызмет көрсететін «Халықтық кеңсе» ашылды. Жаңадан ашылған мекеменің ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтық кеңседе» аудандық әкімдікке қарасты 8 дербес бөлім 96 түрлі қызмет көрсетеді. Мекеме халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Аймақ басшысының айтуынша, кеңседе  азаматтар 100-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін ала алады.

 «Елбасымыз айқындап берген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың 4 бағыты бар. Сол бағыттардың үшіншісі - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру болып табылады. Бүгінгі мекеме аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында есігін айқара ашып отыр. Автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейтін кеңседе азаматтар бұрынғыдай көп уақыт жоғалтпайды. Ең бастысы қызмет түрлері жоғары сапада көрсетілетін болады. Мекеменің ашудағы негізгі мақсатымыз да сол», - деді Жансейіт Түймебаев.null

Айта кетейік, бұған дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандық сот та «Халықтық кеңсе» ашқан болатын.

 null null 

Соңғы жаңалықтар