Түлкібас ауданында «Денсаулық фестивалі» өтті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Денсаулық фестивалі» кең көлемде аталып өтті. «Жеті қазына» аллеясында «Денсаулық көрсеткіштеріне жет» деген ұранмен өткен шараға аудан тұрғындары мен сала мамандары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Е. Күзембаев аудан тұрғындарына және қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Аталмыш шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын ұстануға қоғамның, бұқара халықтың назарын аудару екенін атап өтті.

Арнайы ұйымдастырылған акция барысында тұрғындар мен қонақтар дәрігер мамандардан кеңес алып, қаралуына мүмкіндік алды. Қан қысымын, қандағы қант пен холестериннің мөлшерін анықтап, окулист, хирург мамандарына қаралып, денсаулығының саулығын тексертті. Келеңсіз жағдай орын алғанда жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетуді қарапайым халыққа үйрету үшін арнайы сабақтар өтті.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары әрбір тұрғынды денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға шақырды.

Сондай-ақ, оқушылар арасында арқан тарту, асық ату және басқа да спорт түрлерінен жарыс өтті. Аудандық өнерпаздар концерттік бағдарламалар қойып, жиналған қауымның көңілін көтерді.

Соңғы жаңалықтар