+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түлкібас ауданында бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды

2020 жылғы 1 шілде 18:33
Бөлісіңіз:
Түлкібас ауданында бірнеше тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында алаяқ әйел жұртты «мүгедектікке шығарып беремін» деп алдап кеткен. Күдікті өз жауабында ақша қажет болғандықтан осындай әрекетке барғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде іздеу салынған қылмыскер Павлодар облысында қолға түсті Оралда бір күнде екі кісі өлтіру дерегі тіркелді Наурыздан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 қазақстандық көз жұмды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түлкібас АПБ-не арызданған жергілікті тұрғын өткен жылдың қыркүйек айында өзімен қызметтес болған жас қызға алданып қалғанын айтқан. Мүгедектікпен зейнеткерлікке шығарып беремін деген уәдесіне сеніп, сұраған 200 мың теңгесін ұстатқан. Осыған ұқсас шағыммен полиция бөліміне тағы бір тұрғын хабарласқан. Жұртты алдап кеткен әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні қолға түсірген.

«Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу кезінде бірнеше тұрғынды алдағанын мойындап, ақшаларын алғаннан кейін аталған мекемеден жұмыстан шығып кеткенін айтқан. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT