Түлкібас ауданында бір жылда 20 млрд 761 млн теңгенің өнімі өндірілген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 2018 жылы 20 млрд 761 млн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың Шақпақ және Жабағылы ауылдық округі тұрғындары алдында есеп беру жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында әкім 2018 жылы аудан аумағында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы баяндама жасап, былтырғы жылы округ тұрғындары тарапынан айтылған уәждер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өткен жылдың қорытындысымен аудан бюджетінің кіріс бөлігі 17 млрд 4 млн теңгені құраған. Ауданға тартылған инвестициялар көлемі 19 млрд 191,1 млн теңге болған. Табиғаты көркем Түлкібас жеріне 13 мыңнан аса турист келген. Ауданда көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген туристерге ауданды таныстыру мақсатында туристік маршруттар құрылды. Ал, «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» жол бойында қазіргі таңда ірі 3 жобаның құрылысы жүруде. Олардың қатарында «Құрылыс», «Шұқырбұлақ» және «Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталықтары бар. Сондай-ақ, табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында ауданда "Жайлау" және Саумалмен емдеу сауықтыру орталықтарын салу қолға алынып отыр.

Облыстық бюджеттен инфрақұрылым жұмыстарына 103 млн тенге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда 55 млн теңгесі бөлінді. Алдағы уақытта «Этно Парк» құру жобасы жүзеге асырылуда. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 31 590,4 млн теңгені құрап, қазіргі таңға 65 406,4 га игеріліп отыр. Тамшылатып суғару әдісімен 500 га жерге көкөніс егілген. Мал бордақылау бағытында 269 бордақылау алаңы ашылып, балық пен құс өсіру шаруашылықтары қарқынды дамуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 147 бас, «Құлан» бағдарламасымен 164 бас мал сатып алынды.

Жиында аудан әкімі сондай-ақ, ауыл тұрғындарының қойған сұрақтарына жауап берді. Әлі күнге шешімін таппай мәселелерді тыңдап, оларды оң шешу жағына да атсалысатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар