Түлкібас ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артып келеді. Бұл іспен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау да көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандағы қожалықтарда балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Мәселен, Балықты ауылдық округінің «Сансызбай» шаруа қожалығы дәл осы кәсіп түріне қызығушылақ танытқан.

Кәсіпкер жасанды көлшіктерді дайындап, жуық арада Сайрам ауданының «Нұрша Темир» ЖШС-нен 10 мың дана сазан балығының шабақтарын сатып алуды жоспарлап отыр.

Жалпы бүгінгі таңда аудан аумағында 4 шаруашылық балық өсіру ісін қолға алған. Атап айтқанда, Түлкібас ауданындағы Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Company» ЖШС-і - бекіре, фарель және карп балықтарын өсірумен айналысады.

Ал, Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС-і мен Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ-ы және Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» балықтың сазан түрлерін өсіріп отыр.


Соңғы жаңалықтар