+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Түлкібас ауданында 700-ге тарта тұрғынға үй салатын жер телімі беріледі

2020 жылғы 19 ақпан 21:21
Бөлісіңіз:
Түлкібас ауданында 700-ге тарта тұрғынға үй салатын жер телімі беріледі

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында үй іргелік жер кезегінде тұрған 700-ге тарта тұрғынның өтініші қанағаттандырылатын болды. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың өткен жылғы есебінде айтылған жергілікті халықтың өтініші осылай шешімін табуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл санап халық саны артып келе жатқан Түлкібас ауданында тұрғындар тарапынан көтеріліп жатқан әрбір мәселе назардан тыс қалған жоқ. Аудан басшысы халыққа жер беру бойынша құжаттарды дайындау мен басқа да тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырған болатын.

Оған сәйкес биылдан бастап кезең-кезеңімен жеке үй құрылысын жүргізуге жер телімін алу туралы өтініштер қаралды. Бұл жұмыстар Балықты ауылы және Түлкібас пен Састөбе кенттерінен басталмақ.

Атап айтқанда Балықты ауылының тұрғындарына - 53,8 га, түлкібастықтарға - 34,6 га, Састөбе кентінен - 54,6 га жер телімі бөлініп, онда инфрақұрылым тартылады. Жүйелі жұмыстардың арқасында бұл елдімекендерде жер кезегінде тұрған 673 азаматқа жер телімі беріледі.

Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта кезең-кезенімен іске асады деп жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT