Түлкібас ауданына жаңа әкім тағайындалды - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына жаңадан әкім тағайындалды.  ОҚО əкімі Жансейіт Түймебаев Түлкібас ауданының əкімі болып тағайындалған Нұрбол Тұрашбековты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Нұрбол Тұрашбеков кезінде Сайрам аудандық кадастр бөлімінің басшысы болған, Шымкентте жауапты қызметтерді атқарған. Соңғы жылдары Астанада "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" АҚ-да басқарма басшысы болып еңбек еткен. Аймақ басшысы 37 жастағы жаңа аудан əкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті. 

Ал бұған дейін аудан әкімі қызметін атқарған Әуелхан Тұрғымбеков жуырда облыс әкімдігінің  Аппарат басшысы қызметіне ауысқан болатын.

Айта кетейік,  Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, мамандығы - инженер-экономист, инженер-жерге орналастырушы.

Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Ордабасы жер-кадастрлық бюросында жерге орналастырушы ретінде бастаған.

2002  жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі,  2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры,  2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының  директоры,  2012 жылы (Астана қаласы)  «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы  лауазымын атқарды. 


null

 
Соңғы жаңалықтар