Түлектер жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеу арқылы гранттарын өтей алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грантпен оқыған түлек өз дайындық бағыты бойынша жекеменшік ұйымдарда еш кедергісіз жұмыс істей алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекеттік грант арқылы оқуға түскен студенттердің грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілді. Енді түлектер тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеп, гранттарын өтей алады. Басты шарт – дайындық бағыты (мамандығы) бойынша жұмыс істеуі тиіс», - деп түсіндірді министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, бұл мәселені түлектер жиі көтеретін. Жаңа норма түрлі ұйымдардағы кадр мәселесін шешуге де септігін тигізеді.
Сондай-ақ түлектердің жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
«Мысалы, студент ауылдық квота арқылы фармацевтика бағыты бойынша оқуын аяқтады делік. Кейін ол ауылға барып, өз мамандығы бойынша мемлекеттік ұйымда жұмыс істеуге міндетті болатын.
Ал, ауылда мемлекеттік дәріхана жоқ болса ше? Түлектің қиын жағдайға тап болатыны анық. Сондықтан бұл мәселе де шешімін тапты.
Қазір мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамып келеді және мемлекеттік тапсырыс жекеменшік балабақшаларда, мектептер мен ауруханаларда орналастырылып жатыр. Ендігі кезекте грантпен оқыған түлек өз дайындық бағыты бойынша жекеменшік ұйымдарда еш кедергісіз жұмыс істей алады», - деді А. Аймағамбетов.
- Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
- 2020 жылы Қарағанды облысында 300-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
- Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
- Елімізде жол саласына орта есеппен 3 мыңға жуық маман керек
-
2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты
-
Биыл Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам