Түлектер 20 жылдық кездесуінде жалғызбасты анаға баспана сыйлады

None
None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара ауданында түлектер жалғызбасты анаға баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоссейіт ауылдық округінің азаматтары 20 жылдық кездесулерінде 4 баланың анасы Нұргүл Бекжанқызына тұрғын үйдің кілтін табастады

2000 жылы орта мектепті бітірген түлектері сондай–ақ, көпбалалы жанұяға тұрмыстық техникаларды сыйға тартты.

Игі шараға ауыл әкімі мен билер де мұрындық болған. Ізгіліктің шапағатын көріп, өз үйінің табалдырығын аттаған Нұргүл Бекжанқызы көмек қолын созған барша азаматтарға алғысын білдірді. Айта кетерлігі, Қоссейіт ауылында жыл сайын ізгі іс жасау үрдіске айналып отыр.


Соңғы жаңалықтар