ТҮҚЖБ басшысы баспана алудың жолдары туралы кеңес берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова баспана алудың жолдары туралы кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, банкте тұрғын үй саласындағы тәуекелдер талданған. Соған сәйкес доллар сатып алумен әуестенгендер соңғы уақытта ұтылып жүр.

«Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ депозиттерінің басты жетістігі - несиенің теңгемен берілетіндігінде. Адамдар қазір жылжымайтын мүлік үшін теңгемен есептесіп жатыр. 2015 жылдан бері барлық бағалар теңгемен белгіленген», - деді Ләззат Ибрагимова Алматыда журналистермен кездесуде.

Оның айтуынша, қазір рекордты көлемде баспана салынып жатыр.

Былтыр 12,5 млн шаршы метр пайдалануға берілсе, 2006-2007 жылдары бұл көрсеткіш 5-6 млн шаршы метр ғана болған еді.

«Тұрғын үй қоры артып келеді. Нарықта ұсыныс көбейсе, бағаның түсетіні заңдылық. Қазір қайталама нарықта көріп отырғанымыздай, баға төмендеді. Жастар өз қалауындағы пәтер алғысы келсе, ақша жинауға кеңес берер едім. Себебі нарықта ұсыныс көбейеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар