Тұқым шаруашылығында түйткілдер аз емес - Ақылбек Күрішбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында тұқым шаруашылығы мен селекциялық ғылым саласындағы елеулі проблемалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдің атына жолдаған сауалында салада күрделі жағдай туындағанын және оны шешуді кешеуілдетуге болмайтынын атап өтті.

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, тұқымдық материал сапасы төмендеп барады, ал ауыл еңбекккерлері жыл сайынғы жинайтын егін де азая түсуде. Өнім сорттары мен будандарының шамамен 70 пайызы, ал бірқатар дақылдар және одан да көбірегі бізге шетелден әкелінеді. Сонымен қатар, әкелінетін тұқымдардың басым көпшілігі біздің топырақ пен климаттық жағдайымызға бейімделмеген болып отыр.

Депутат бөлінген мемлекеттік субсидиялар шетелдік тұқымдарды арзандатуға жұмсалатынына наразы. Бұл ретте, отандық аграршы ғалымдарға өз жұмыстарын жүргізу үшін биыл әлі күнге дейін қаржы бөлінген жоқ.

Осыған байланысты Ақылбек Күрішбаев ғылымдағы жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстарын айтты. Оның басты мақсаты - жоғары өнімді және күйзеліске төзімді сорттар мен дақылдардың будандарын әзірлеу болуы керек. Бұл үдеріске міндетті түрде отандық аграрлық ҒЗИ мен жоғары оқу орындары, биотехнология орталықтары, сондай-ақ жетекші шетелдік ғалымдар қосылуы тиіс. Бұл үдерісті заңнамалық қолдау да маңызды.

«Селекция мен тұқым шаруашылығындағы авторлық құқықтарды қорғау, қазіргі замандағы сертификаттау әдістерін қолдана отырып селекциялық жетістіктерді тіркеу, стандарттар мен ғылыми-әдістемелік базаны жаңарту жөніндегі заңнамалық әрі нормативтік базаны күшейту қажет. Сондай-ақ селекция және тұқым шаруашылығы субъектілерінің материалдық-техникалық, зертханалық базасын нығайтуға көмек көрсету, елде ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарының Ұлттық банкін ұйымдастыру маңызды», - деді А. Күрішбаев.

Сенатор тұқым шаруашылығы жүйесіне мемлекеттік қолдауды күшейтіп, отандық сорттарды субсидиялау тетігін қайта қарау керек деп санайды. Бұл ұсыныстардың бәрі 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі әзірленіп жатқан ұлттық жобада көрініс тапқаны жөн.


Соңғы жаңалықтар