«Туған жерім - алтын бесігім» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі туризмді дамытуға бағытталған жүлде қоры 2 млн теңгені құрайтын «Туған жерім-алтын бесігім» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеобайқауға еліміздің барлық аймақтарынан 50-ден астам жұмыс қатысты. 3 минуттық бейнероликте қатысушылар туған өлкесінің сұлулығын толық көрсетумен қатар, әлеуметтік желідегі әр жазылушының қызығушылығын туғызуға тырысты. Әділқазы алқасы байқау қорытындысы бойынша ең үздік 3 жұмысты таңдады. 

Осылайша, дауыстарды санау бойынша жүлде қоры 900 мың теңгені құрайтын І орынды Көкшетау қаласының тұрғыны Игорь Стрельцов иеленді. Ол өзінің шағын бейнесюжетінде Бурабай табиғатының ерекшеліктері мен сұлулығын көрсетті. ІІ орынға (600 мың теңге) Павлодар облысынан қатысқан Айбек Маратов ие болды. Туған өлкесі Баянауылдың табиғатына деген махабатымен ол өз жазылушыларын бей-жай қалдырмады. Жүлделі 3 орынды (500 мың теңге) еліміздегі көне қалалардың бірі - Түркістанның көрікті жерлерін көрсеткен Олжас Әлжанов қанжығаға байлады.

«Менің ойымша, бұл байқауды ұйымдастыру Қазақстанның ішкі туризмін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, еліміздің әрбір тұрғынына туған өлкесінің табиғаты туралы айтуға мүмкіндік берді»,- деп атап өтті байқау жеңімпазы Игорь Стрельцов.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған аталған туристік байқаудың басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар