«Туған жерді» жершілдікке итеру деп қабылдамау қажет - Мәулен Әшімбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев руxани жаңғыруға арналған жобалардың мән-мағынасын түсіндірді. Осы орайда ол «Туған жер» жобасы аясында жершілдікке жол бермеу қажеттігін ерекше атап өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туған жер» бағдарламасы аясында біраз меценаттар өздерінің шыққан жерлеріне көмектерін беріп жатыр. Нысандардың салынуына бастамашы болуда. Өткен жылы осындай мақсаттарға меценаттардың тарапынан 51 миллиард теңге бөлінді деген ақпарат бар. Бұл да үлкен көмек екені сөзсіз. Бірақ өзінің туған жеріңе көмек беруді жершілікдікке итеру деп қабылдауға болмайды. Бәріміз - бір елдің азаматымыз. Қазақстан - ортақ Отанымыз. Мысалы, қазақ жастары оңтүстікте туып-өсіп, солтүстікке барып, жұмыс істеймін, сол жерде тұрамын десе, жол ашық. Оған барлық мүмкіндіктер жасалады», - деді М.Әшімбаев «Жас Отан» жастар қанатының IV сьезінің «Руxани жаңғыру» сессиясында.

Оның айтуынша, «Туған жер» бағдарламасының негізгі мақсаты - туған жеріңе көмек беру арқылы бүкіл Қазақстанның дамуына үлес қосу.

«Енді, бәріміз де - Қазақстан азаматымыз. Отанымыз да бір, жеріміз де бір. Дегенмен, әрбір адамның өзінің туған жері бар. Сол жердің тариxын, фольклорын, тау-тасын, аңыз-әңгімелерін білу керек. Осылайша, өзіміздің өлкетануымызға үлес қоса аламыз», - деп атап көрсетті М.Әшімбаев.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары руxани жаңғырудың басты мақсатына да тоқталды. Оның айтуынша, xалықтың руxани санасын жаңғыртуда екі маңызды мәселені ескеру керек.

«Бір жағынан біз әлемде жасалып жатқан жаңалықтарға үйренуіміз керек. Екінші жағынан өзіміздің ұлттық кодымызды, ұлттық болмысымызды сақтап, жаһандық дүниеде жоқ болып кетпей, өз орнымызды алуымыз қажет. Сөйтіп, Қазақстанды әлемге танытып, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуымыз керек», - дейді М.Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар