Туған жер: Павлодарда белсенді жастар ауылдастарына спорт клубын сыйға тартты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Павлодар облысының шалғай ауылында тұңғыш спорт клубы ашылды. Нысанның ашылуына ауылдан түлеп ұшқан белсенді жастар атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Май ауданының Қаратерек ауылында ашылған «Qazaq» атты спорттық клубтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мәдина Құсайынова, аудандық мәслихат депутаты Қарлығаш Түсіпова, мәслихат хатшысы Ғибадат Арынов және бір топ ауыл тұрғындары қатысты.

«2019 жыл Елбасының бастамасымен Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Жастардың бұл ісі көпшілікке үлгі», - деді аудан әкімінің орынбасары Мәдина Құсайынова.

Облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылда қазіргі кезде 900-ге жуық тұрғын бар. Оның 100-ге жуығы жастар. Бұл ауылда ашылып отырған тұңғыш спорт мекемесі. Ендігі кезекте ауыл жастары спорттың кез келген түрімен тегін жаттыға алады. Оған қазақша күреске арналған матрас, боксқа арналған заттар және ауыр атлетикаға үшін  темір құралдар, зілтемір, гір тастары және турник тағы да басқа көптеген заманауи құрылғылармен жабдықталған спорт орталығы мүмкіндік жасайды.

Айта кетерлігі, «Qazaq» клубын ашуға қажетті қаражатты ауылдан түлеп ұшқан және ауылда әлі де тұрып жатқан бір топ белсенді жастар жинаған. Жалпы клубтың ашылуына 3 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Соңғы жаңалықтар