«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясында жеңімпаз атанған қарағандылыққа көлік сыйға тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде республикалық деңгейде бас жүлдесі автокөлік болған «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша ұтыс ойыны өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жүргізілді.

Аталған кезеңде қатысушылармен 2, 739 млрд теңге сомаға шамамен 500 мың онлайн БКМ чегі жіберілді.

Акцияға қатысушылар арасында ақшалай ұтыс ойыны күн сайын өткізіліп, 3 512 жеңімпаз анықталды, олардың ұялы телефон теңгерімдеріне 5 000 теңгеге дейін ақшалай қаражат жіберілді.

Бұл ретте барлық жіберілген онлайн БКМ чектері акцияның басты жүлдесі – автокөлік ұтыс ойынына қатысқан.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының бас жүлдесінің жеңімпазы, автокөлік иегері – Қарағанды облысының тұрғыны Пономарёва Татьяна. Ол барлығы 8000-нан аса чек жіберген. Ал ұтыс чегінің сомасы бар жоғы 999 тг.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев жеңімпазды құттықтады.


Соңғы жаңалықтар