«Түбіртекті талап ет» акциясы: Қарағандылық автокөлік ұтып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясында қарағандылық автокөлік ұтып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы өткізілді.Аталған кезеңде қатысушылармен 2, 739 млрд теңге сомаға шамамен 500 мың онлайн БКМ чегі жіберілді.Чектердің ең көп санын Қостанай, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы тұрғындарымен жіберілген. Акцияға қатысушылар арасында жүлделер ұтыс ойыны күн сайын өткізіліп, 3 512 жеңімпаз анықталды, оларға 5 000 теңгеге дейін ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражат жұмсалды», - делінген хабарламада.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының бас жүлдесін Қарағанды облысының тұрғыны Пономарёва Татьяна ұтып алды. Оған көліктің кілті табыс етілді. Ол барлығы 8000-нан аса чек жіберген. Ал ұтыс чегінің сомасы бар жоғы 999 теңге.

Айта кетсек, бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыруға бағыталған.

Соңғы жаңалықтар