Туберкулезге қарсы жаңа препараттар тегін беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Туберкулезге қарсы дәрілердің бәрі тікелей Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы жеткізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, келесі жылға арналған тегін дәрі-дәрмектердің тізімі көп өзгерген жоқ. Бірақ оған туберкулезге қарсы инновациялық препараттар енді.

«Ол ем-домның тиімділігі 90 процент дейді. Әсіресе, антибиотикке бейім туберкулезге қарсы әсері қатты. Біз аталған препараттарды көптен бері ала алмай жүргенбіз. Бұған дейін туберкулездің ауыр формасы бар науқастарға xалықаралық ұйымдар көмектесіп келді. Соның өзінде тек әрбір бесінші науқасқа ғана ондай дәрі берілді. Қазақстанда ондай ем-дом әлі тіркелмеген. Алайда біз оны тікелей Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының арқылы сатып алатын боламыз. Осылайша, келесі жылы біз ауыр науқастардың барлығын жаңа препаратпен қамтамасыз ете аламыз», - деді Е.Біртанов xалық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің айтуынша, келесі айда бюджеттің есебінен тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу науқаны басталады. Күзде барлық келісімшарттар рәсімделеді деген жоспар бар. Ал желтоқсан айында дәріxаналар мен емxаналарға таратылады. Сол жерден келесі жылы қаңтар айында науқастарға беріледі.

Айта кетейік, бүгінгі кездесу кезінде министр фаст-фудты шектеуге қатысты пікір білдірді.  Бұдан бөлек, Астанадағы перзентxанада аналарынан айырылған екі нәрестенің жағдайы жайында айтып берді. Жедел жәрдем мәселесі де сөз болды. Министрдің ойынша, жасанды ұрықтандыруды бюджет есебінен қаржыландырған дұрыс емес. 

Соңғы жаңалықтар