Туберкулездің ашық түрімен ауыратын 3 қостанайлық күзетшіні ұрып кетті

None
None
ҚОСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда туберкулезге қарсы диспансердің емделушілері күзетшіні ұрып-соғып, оның бағалы заттарын күшпен алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Рудный қаласында болған. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын үш пациент диспансер қарауылын ұрып, оның «LG» маркалы ұялы телефонын тартып әкеткен. Сондай-ақ, күзетшінің 43 мың теңгесін де қолды қылып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жәбірленуші полицияның кезекші бөліміне хабарласады. Із кескен тәртіп сақшылары күдіктілерді Қостанай қаласы мен Таран ауданынан ұстаған. Олар Рудный қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды.

Тағы бір ұрлық фактісі 8 қазанда Қостанай қаласында тіркелген. Сағат 01:00 шамасында Қасымқанов көшесінің бойында белгісіз біреулер 31 жастағы ер адамды ұрып-соғып, қалта телефонын тартып алған. Мұнымен қоса бұзақылар жәбірленушінің 2000 теңге қаражатын да жымқырған.

Полицейлер күдіктілерді «ізін суытпай» ұстаған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 191-бабымен («Тонау») сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар