+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Түбегейлі іс-шаралар қабылданбаса, 2060 жылы парникті газдар шығарындылары артады - Брекешев

2021 жылғы 13 қазан 19:51
Бөлісіңіз:
Түбегейлі іс-шаралар қабылданбаса, 2060 жылы парникті газдар шығарындылары артады - Брекешев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түбегейлі іс-шаралар қабылданбаса, 2060 жылға қарай парникті газдар шығарындылары артады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Ұқсас жаңалықтар
«Жасыл Қазақстан» жобасы бойынша 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады Алматыда ағынды сулар қалай тазартылады Қазақстанда қар барысын сақтау үшін қандай шаралар атқарылып жатыр

«Global Carbon Atlas соңғы мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы 221 елдің ішінде көмірқышқыл газы шығарындылары көлемі бойынша 21-орында, ал халықтың жан басына шаққанда шығарындылар бойынша 11-орында және жалпы ішкі өнімнің көміртекқамтымдылығы бойынша 5-орында тұр. 2019 жылы еліміздегі парниктік газдар шығарындыларының көлемі 364 млн тоннадан асып түсті», - деді ол «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясы барысында.

Оның атап өтуінше, бұған дейін Қазақстан Париж келісім аясында 2030 жылға қарай шығарындылар көлемін 1990 жылғы деңгейден 15 пайызға, ал халықаралық қолдау болған кезде 25 пайызға қысқарту міндеттемесін алған.

«Болжамдарға сәйкес, жүзеге асырылатын саясатты трансформациялау жөнінде түбегейлі іс-шаралар қабылданбаған жағдайда 2060 жылға қарай жалпы шығарындылардың көлемі артып, 473 млн тоннадан астамға жетпек», - деді Серікқали Брекешев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT