Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Цифрландыру Қазақстанға не береді - британдық саясаткер пікірі

2018 жылғы 18 мамыр 01:07 1007
Бөлісіңіз:
Цифрландыру Қазақстанға не береді - британдық саясаткер пікірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания үкіметінің технологиялар бойынша кеңесшісі Лиам Максвелл Қазақстан қалаларындағы цифрландыру барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Astana Hub» алаңында цифрландыру мәселесі талқыланды Цифрлық күз - 2018: Қазақстандықтар виртуалды көрме аралап, интерактивті концертті тыңдай алады

«Қазақстандағы цифрландырудың келешегі өте зор, себебі оған жетекшілік етуде өте дұрыс тәсілдер жасалып келеді, басымдықтар алдын ала анықталады. Сіздердің қалаларыңызда жақсы цифрлық инфрақұрылым бар. Ендігі қажетті компонент сенім мен мықты мамандар болмақ. Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік пен кадрлық саясат жұмыстары да қажет деп ойлаймын", - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта.
Сондай-ақ, Л. Максвелл цифрландыруды толық жүзеге асырғанда мемлекетке қандай пайда келетінін айтты.

«Цифрлық үкімет қаражатты үнемдейді және шын мәнінде халық үшін жұмыс істейтін үкіметке айналады. Цифрлық экономика үнемі жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Ұлыбританияда орташа жалақы жылына 25 000 - 27 000 фунт стерлинг болса, цифрлық экономикада - 41 000 фунт. Осылайша, цифрлық экономикада жұмыс істеу арқылы көбірек қаражат табуға болады», - деді британдық саясаткер.

Сонымен бірге, Л. Максвелл өз еліндегі цифрландыру үдерістері туралы айтып берді.

«Бізде де цифрлық экономиканың қарқынды дамуы байқалуда. Ұлыбритания экономикасының 15 пайызын цифрлық экономика құрайды. Оның өсу қарқыны экономиканың өзге бөліктерімен салыстырғанда екі есеге жоғары. Оңтүстік Корея, тіпті жер аумағы кішкентай Эстония мен Жаңа Зеландияда ауқымды өзгерістер болып жатыр, ол елдің азаматтары технологияларды жылдам әрі тиімді пайдаланады», - деп атап өтті сарапшы.  

Сонымен бірге, ол жаңа технологияларды жасауда мықты әрі ашық инфрақұрылымның маңыздылығын баса айтты.

«Көптеген елдің үкіметі цифрлық шиеленістерді шешуде қиналады. Бүкіл әлемдегі цифрлық экономиканың дамуына қарар болсақ, Қазақстандағыдай білікті жетекшілік жұмысты байқауға болады. Сондықтан, сіздерде үлкен табысқа жету мүмкіндігі бар. Ақпараттық технологиялар университетін құру арқылы білікті кадрлардың өсуіне жағдай жасадыңыздар. Одан бөлек, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту да цифрлық экономикаға деген сенімді арттырады», - деп өз сөзін түйіндеді Л. Максвелл.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат