TRT Avaz телеарнасы «Қазақстан барысы» турнирін тікелей эфирден көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда биыл оныншы рет ұйымдастырылғалы отырған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирі 4 шілде күні тікелей эфирде TRT AVAZ телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан барысы» күрес турнирінде чемпион болу үшін кілемге шығатын 37 балуан «Aлтын тұяқ», «Aлтын белбеу және «Қазақстан чемпионы» атақтары үшін күресетін болады. Қазақстанның үздік балуандары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және Еламан Ерғалиев қатысатын турнир тікелей эфирде ТRТ АVAZ экрандарынан көрсетіледі.

«Қазақстан барысы» тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Түркі әлемінде де үлкен қызығушылық тудыратын жарыс. Турнир 2011 жылдан бері қазақ елінің ұлттық құндылықтарын дәріптеу, ұлттық спорт түрі - Қазақ күресін насихаттау, жастарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан мен Тәжікстан елдері орын тепкен Орталық Азия елдері мен Түркі әлемінің мәдени дәстүрін жалғастырып келе жатқан елдерге эфир тарататын TRT AVAZ бұл байрақты бәсекені барша Түркі әлеміне тікелей эфир арқылы көрсетеді.

«Қазақстан барысы» 4 шілде, жексенбі күні сағат 10.00-де TRT Avaz-да.


Соңғы жаңалықтар