Тротуарда балаларды қағып кете жаздаған әйел жол ережесін тағы бұзды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Lexus тізгіндеген əйел тағы бір жол ережесін бұзды.  Эльвира Құрабаеваның  сонымен қатар қауіпсіздік белдігін де тақпағаны  анықталды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осының алдында бұл əйел Тимирязев көшесінің бойындағы тротуарда жүйткітіп,  балаларды соғып кете жаздаған болатын.

"Алматыдағы Тимирязев көшесінде тротуармен жүрген Lexus көлігіне қатысты көліктің  жүргізушісі анықталды.  Аталған дерек бойынша 2 əкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ƏҚК 596-бабының бөлімімен (жаяу жүргінші жолдарымен, тротуармен жүру), ҚР ƏҚК 593-бабы 2 бөлімімен (қауіпсіздік  белдігін тақпай  айдау) бойынша оған жалпы алғанда 48100 теңге  көлемінде  айыппұл салынды",- деді ҚР ІІМ ресми сауалға жауабында.

Сондай-ақ,  Lexus жүргізушісіне  қатысты  Бостандық  аудандық ІІБ-не  арыз қабылданды.

Бұдан бұрын  Lexus тізгіндеген əйелдің  жол ережесін өрескел бұзғанын  хабарлаған болатынбыз.

Фейсбук желісінде жарияланған  видео көпшіліктің  наразылығын  туғызды. Видеода  әйел адамның тротуармен  жүріп бара жатқаны көрінеді. Жүргізуші жолында кішкентай балаларды қағып кете жаздады.

Соңғы жаңалықтар