Троллейбуста бойжеткенді тоқ соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 17 жасар бойжеткенді троллейбуста тоқ соғып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы туралы әзірге ештеңе хабарланбай отыр.

Төтенше оқиға 2 наурыз күні орын алған. Троллейбустың ішінде тұтқаны ұстаған бойжеткенді кенеттен тоқ соқты.

Оқиғаның қандай себептен орын алғаны әзірге анықталған жоқ. РФ ІІМ Мәскеу бойынша МБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны анықтаумен құқық қорғаушылар айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар