Триатлоннан Қазақстан чемпиондары анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпида комитетіне сілтеме жасап.

Жарысқа ұлттық команданың 17 атлеті қатысты. Олар супер-спринт бағдарламасында бақ сынады: 300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс және 2 шақырымға жүгіру.

Әйелдер арасындағы бәсекеде үздік нәтижені Арина Шульгина көрсетті. Екінші орынға Екатерина Шабалина, үшінші орынға Юлия Озерова орналасты.

Ерлер арасындағы үздік үштік: Аян Бейсенбаев, Дарын Қонысбаев және Мейірлан Ысқақов.

Айта кетейік, қазақстандық команда 23-25 сәуір аралығында Жапонияда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар