Триатлоннан Әлем кубогы: Ерлер арасындағы сайыста жүзу қашықтығы қысқартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада триатлоннан ерлер арасындағы Әлем Кубогы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасындағы триатлон сайысына әлемнің түрлі елдерінен келген 68 спортшы қатысады. Есіл өзеніндегі су температурасының төмендігіне қарамастан, атлеттер 750 метр қашықтықты жүзіп өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі жүзу қашықтығы 1,5 шақырым, бірақ су температурасына қатысты, қауіпсіздік мақсатында бұл қашықтық екі есеге қысқарды.

Одан бөлек, спортшылар велосипедпен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 шақырым жүгіреді.

Бұған дейін әйелдер арасындағы дуатлоннан Әлем Кубогының жеңімпаздары анықталған еді. Бастапқыда жоспарланған әйелдер триатлоны су температурасына байланысты дуатлонға ауыстырылды.

Жарыс мәресіне алғашқы болып франциялық Сандра Доди жетті. Екінші болып оның отандасы Эмиль Мурье келсе, италиялық Анжелика Олмо үздік үштікті түйіндеді. Қазақстандық спортшы Анастасия Автушко жарыстан шығуды ұйғарды.

Астанада триатлоннан Әлем Кубогы мамырдың 19-20 күндері өтеді. Оған қатысуға 38 мемлекеттен 140 атлет өтінім берді. Спортшылар стандартты қашықтық бойынша сынға түседі. Яғни, 1500 метр - жүзу, 40 шақырым - велокезең және 10 шақырым - жүгіру.

Сондай-ақ, бүгін Триатлон паркте балалар жарысы, концерттік және ойын-сауық бағдарламалары өтеді.

20 мамыр күні Қазақстандағы триатлон спортын насихаттау мен дамыту мақсатында Age Group (әуесқойлар) арасында сайыс болады.

nullnullnull
null

nullnull
null

Соңғы жаңалықтар