Триатлоннан Әлем кубогы: Ерлер арасындағы сайыста ресейлік спортшы жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада триатлоннан ерлер арасындағы Әлем Кубогы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда ресейлік спортшы Дмитрий Полянский топ жарды. Екінші орынды аустралиялық Марсель Уолкингтон иеленсе, үшінші орынды - француз Орельян Рафаэль жеңіп алды. Ал қазақстандық Семен Пивоваров мәреге 55-ші болып жетті. Жеңімпаздарды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марапаттады.

«Дәл осындай нәтижені күттім. Бірақ күту бір басқа да, сол нәтижеге жету бір басқа. Оның үстіне бұл маусымда екінші рет сайысқа түсіп отырмын, өткен аптада өте ұзақ жүгіргенмін», - деп атап өтті чемпион.

Атап өткен жөн, бастапқыда ресейлік спортшы австралиялық пен франциялық спортшыдан қалып келе жатқан болатын. Алайда, үшінші айналымда жылдамдығын арттырып, қарсыластарын басып озды.

Еске сала кетсек, Астанада триатлоннан Әлем Кубогы өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасындағы дуатлоннан Әлем Кубогының жеңімпаздары анықталды. Жарыс мәресіне алғашқы болып франциялық Сандра Доди жетті. Екінші болып оның отандасы Эмиль Мурье келсе, италиялық Анжелика Олмо үздік үштікті түйіндеді. Қазақстандық спортшы Анастасия Автушко жарыстан шығуды ұйғарды.

20 мамыр күні Қазақстандағы триатлон спортын насихаттау мен дамыту мақсатында Age Group (әуесқойлар) арасында сайыс болады.
nullnull

nullnull

Соңғы жаңалықтар